Қор жайлы

«Харекет» қорын
2017 жылы Гүлмира Мұханқызы құрған.

Қордың құрылу тарихы оның «Facebook» парақшасын белсенді жүргізуінен және «егер 1000 адам 1000 теңгеден жинаса, бір мұқтаж отбасы үшін кем дегенде бір үй сатып алуға болады»деген оймен алғашқы жиынды ашудан басталады. 2017 жылдың 7 қазанында Гүлмира Мұханқызының бастамасымен «1000 теңгеге баспана» ұранымен «Харекет «қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры құрылды. Кейін Қорға режиссер және «Өнер қырандары» театрының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Мадияр Серікбаев «Харекет» қорының құрылтайшыларының бірі ретінде қосылып , жұмыс жасайды . Бүгінгі таңда Гүлмира Мұханқызының ісін оның қызы, қордың қазіргі директоры Айдана Қалдыбекқызы жалғастырып, қайырымдылық миссиясын аяусыз алға жылжытып, оған мұқтаж жандарға қуаныш пен үміт сыйлайды.

«Харекет» қорының ережелері

Ашықтық

Елдің кез келген аймағынан мұқтаж отбасылар тұрғын үйге өтініш бере алады

Адалдық

Жиналған қаражат толығымен мұқтаж отбасыларға үй сатып алуға жұмсалады

Сенімділік

Мұқтаж отбасылардың құжаттары толығымен тексеріліп, өңірлік әкімдіктермен бірлескен жұмыс жүргізілетін болады

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз