«Харекет» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының офертасы
Терминдер
Қайырым жасаушы (донор) – кез келген қолжетімді әдіспен, кез келген құрал арқылы Қорға қайырымдылық көмек көрсету үшін қаражат немесе өзге де мүлікті беретін құқыққа қабілетті жеке және (немесе) заңды тұлға.
Қор – «Харекет» қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры,
БСН 170940025833, 2017 жылғы 21 қыркүйекте тіркелген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет ететін қайырымдылық, коммерциялық емес ұйым.
Қайырымдылық – ақшалай қаражат және (немесе) өзге де заттар, және (немесе) зияткерлік меншік объектілері, сондай-ақ меншік объектілеріне иелену, пайдалану және билік ету құқығын беру, Қорға Қайырым жасаушы тарапынан қайтарымсыз негізде (Қордың Қайырым жасаушы алдында қандай да бір қарсы міндеттемелерінің туындауына жол берілмей) берілетін мүлік.
Сайт – Интернет желісіндегі Қордың ресми сайты: www.xareket.kz
1. «Харекет» қайырымдылық қорының жария офертасы
1.1. Осы жария оферта (бұдан әрі – «Оферта») «Харекет» қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының (бұдан әрі – «Қор») директоры Қалдыбекқызы Айдананың атынан, Жарғы негізінде әрекет ете отырып, кез келген тұлғамен осы Офертаның шарттарына сәйкес қайырымдылық жасау туралы шарт (бұдан әрі – «Шарт») жасасу жөніндегі ұсынысы болып табылады.
Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта болып табылады.
1.2. Оферта Қордың сайтында www.xareket.kz мекенжайы бойынша орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді.
1.3. Оферта мерзімсіз болып табылады және Қор сайтында Офертаның күшін жою туралы хабарлама орналастырылған күннен кейінгі күнге дейін қолданылады. Қор Офертаны кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылы.
1.4. Қор Офертада көзделгеннен өзгеше тәртіппен және (немесе) өзгеше шарттарда қайырымдылық жасау туралы шарт жасасуға дайын, ол үшін кез келген мүдделі тұлға Қорға жеке шарт жасасу үшін жүгіне алады.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы Шартқа сәйкес Қайырым жасаушы өзіне қолайлы тәсілмен Қорға ерікті қайырымдылық ретінде ақша қаражатын береді, ал Қор қайырымдылықты қабылдап, оны Қордың қайырымдылық мақсаттарын іске асыруға және әкімшілік шығыстарын өтеуге пайдаланады.
2.2. Қайырым жасаушының осы Шарт бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес қайырымдылық деп танылады.
2.3. Қайырым жасаушы Қорға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету үшін өз қалауы бойынша ақша қаражатын қайтарымсыз береді.
3. Қордың қызметі
3.1. Қор мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және сатып алуға көмек көрсетеді.
3.2. Қордың қызметінің мақсаты – пайда табу емес.
3.3. Қор өз жұмысы туралы ақпарат пен қызметінің нәтижелері бойынша есептерді www.xareket.kz сайтында жариялайды.
4. Қайырымдылық енгізу
4.1. Қайырым жасаушы қайырымдылық мөлшерін өзі анықтайды және оны www.xareket.kz сайтында көрсетілген кез келген тәсілмен енгізеді.
4.2.1. Қордың жобалары аясында Қор шотына ақша аудару фактісі Қайырым жасаушының осы Шарттың талаптарымен толық келісімін білдіреді.
4.2.2. Егер таңдалған төлем тәсілінде «төлем мақсатын» көрсету мүмкін болмаса, Қайырым жасаушы мақсатты өзге жазбаша әдіспен нақтылауға құқылы.
4.2.3. Қайырымдылықты аудару кезінде төлеушіні дұрыс сәйкестендіру үшін Қайырым жасаушы өз байланыс деректерін көрсетеді: электрондық пошта немесе телефон нөмірі.
4.2.4. Офертаны акцепттеу күні және тиісінше Шарт жасалған күн – Қайырым жасаушы қаражатының Қордың есепшотына түсу күні болып табылады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Қор Қайырым жасаушыдан түскен қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз Жарғысына қатаң сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
5.2. Қайырым жасаушы Қорға берілген қайырымдылықты пайдалану мерзімін белгілемейді.
5.3. Қор қайырымдылықты алғаннан кейін оны Қордың қайырымдылық қызметі бюджетінің баптарына сәйкес дербес нақтылайды.
5.4. Егер қайырымдылық белгілі бір мақсатпен (мысалы, мұқтаж адамның аты-жөнімен) көрсетілсе, Қор бұл қаражатты сол мақсатқа бағыттайды. Егер көрсетілген мақсатқа жеткілікті қаражат жиналса, қалған қаражат ұқсас қажеттілігі бар басқа адамдарға көмек көрсетуге бағытталады. Қайырым жасаушы осыған келіседі.
5.5. Қайырымдылық Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №402-V «Қайырымдылық туралы» Заңына (01.07.2023 ж. өзгерістерімен) сәйкес Қордың қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұмсалады.
5.6. Қайырымдылық жасаған кезде Қайырым жасаушы Қорға алынған қаражаттың бір бөлігін әкімшілік шығындарды өтеуге пайдалану құқығын береді. Бұл сома қаржылық жылда жұмсалған қаражаттың 20%-ынан аспауы тиіс.
5.7. Қайырым жасаушы жеке деректерін (Т.А.Ә., мекенжай, электрондық пошта, телефон нөмірі, банк деректемелері) өңдеуге келісім береді. Қор деректерді тек осы Шартты орындау мақсатында және заңға сәйкес өңдейді.
5.8. Қордың Қайырым жасаушы алдында осы Шартта көрсетілген міндеттемелерден басқа міндеттемелері жоқ.
6. Есептілік
6.1. Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімде өз қызметі туралы есепті Сайтта, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жариялайды.
6.2. Қор өз қалауы бойынша қосымша құжаттарды және Пайдалану тиімділігін растайтын материалдарды жариялауға құқылы.
7. Өзге шарттар
7.1. Қайырымдылықты қайтару қаражат алушыға жіберілгенге дейін немесе қаражат пайдаланылғанға дейін жүзеге асырылады. Қайырым жасаушы hareketalmaty@mail.ru электрондық поштасына немесе Қордың заңды мекенжайына өтініш жіберіп, төлем реквизиттерін, соманы, жіберу күнін және жеке куәлікті көрсетуі тиіс. Қор өтініш түскеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаражатты қайтарады (егер өтініш ақша жіберілген күннен бастап 10 күн ішінде түссе).
7.2. Қор осы Офертаның шарттарын кез келген уақытта алдын ала хабарламай өзгертуге құқылы. Жаңа редакция сайтқа орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.
7.3. Даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі, шешілмесе – Қор орналасқан жердегі сотқа беріледі.
8. Реквизиттер
Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және жұмыс істейді.
Толық атауы: «Харекет» қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры
БСН: 170940025833
ИИК: KZ91722S000001298489 (KZT)
БИК: CASPKZKA,
КБЕ 17
АО «KASPI BANK»
Телефон: 8 747 500 20 29
E-mail: hareketalmaty@mail.ru
Заңды мекенжай: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 162/7 үй, н.п. 5
Қор директоры Қалдыбекқызы Айдана