Көмектескім келеді Көмектескім келеді Бөлісу:
03.07.2026 13:01

Қызым әкесіз қалмасыншы

Бөлісу:
03.07.2026 13:01
Жинау
Осы отбасыға көмектесу

31 жастағы Ермұратов Айдын Ермұратұлы үшін өмір соңғы бес жылда үлкен сынаққа айналды. Ол бүгінде екі бүйрегі толықтай істемейтіндіктен, аптасына үш рет төрт сағаттан диализ қабылдайды. Бұл ем – оның өмірін сақтап тұрған жалғыз мүмкіндік.

Айдынның айтуынша, денсаулығы коронавирус инфекциясынан кейін күрт нашарлап, араға көп уақыт салмай екі бүйрегі де жұмысын тоқтатқан. Содан бері оның әрбір аптасы аурухана мен үйдің арасында өтеді.

Әр диализден кейін ағзасы қатты әлсірейді. Сондықтан тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Денсаулығы көтерген кездері ғана азын-аулақ жұмыс істеп, отбасына көмектесуге тырысады.

Айдын жұбайы Жансаямен бірге бір жарым жастағы қыздарын тәрбиелеп отыр. Өкінішке қарай, Жансаяның да денсаулығында мәселе бар, III топ мүгедектігі бар. Бүгінде отбасының негізгі табысы – екеуінің алатын жәрдемақысы ғана.

Айдын үшін ең ауыры – сырқат емес, әкелік жауапкершілікті толық атқара алмау сезімі.

Бұл отбасы қиындыққа мойымағанымен, бүгінде олардың қолдауға мұқтаж екені анық. Жалдамалы баспана, үздіксіз ем, дәрі-дәрмек пен күнделікті тұрмыс шығындары олардың жағдайын одан әрі ауырлатып отыр.

Қайырымдылық – біреудің өмірін толық өзгертіп жібермеуі мүмкін. Бірақ дәл уақытында көрсетілген көмек бір отбасының үмітін үздірмей, кішкентай қыздың әкесінің жанында өсуіне себеп болуы мүмкін.

Айдынның отбасына бірге қолдау көрсетейік, қазақ елі. Біздің көмегіміз олар үшін үлкен демеу, ал кішкентай қыздың арманына жақындай түсуіне себеп болмақ.

Басқа отбасыларға көмектесу

Жинау
Балаларымды алып қоймасыншы
Балаларымды алып қоймасыншы
Бес баланың анасының жалғыз арманы – балаларын өз жанынан айырмау
Балаларымды алып қоймасыншы
Оқу
Анам жүре алмайды
Анам жүре алмайды
Қазақ елі, бірге көмек қолын созайық
Анам жүре алмайды
Оқу
Мамам енді келмейді
Мамам енді келмейді
Қазақ елі, қиындыққа тап болған отбасыға бірге қолдау берейік
Мамам енді келмейді
Оқу
Қамауда отырған қыз
Қамауда отырған қыз
Қазақ елі, бірге көмек қолын созайық
Қамауда отырған қыз
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз