Көмектескім келеді Көмектескім келеді Бөлісу:
10.07.2026 12:28

Әлсіздігімді көрсеткім келмейді

Бөлісу:
10.07.2026 12:28
Жинау
Осы отбасыға көмектесу

Мейрамбек ағаның отбасы жылдар бойы өмірдің ауыр сынақтарын үнсіз көтеріп келеді. Ешқашан ешкімге шағым айтып, қол жаймаған. Бар тапқанына шүкір етіп, Аллаға тәуекелмен өмір сүрген.

Жұбайы үйленгенге дейін-ақ ІІ топ мүгедектігі бар жан болған. Уақыт өте келе, әсіресе 2019 жылдан кейін денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен жүруі де, орнынан тұруы да мүмкін болмай қалған. Бүгінде Мейрамбек жұбайына толықтай күтім жасап, отбасының барлық ауыртпалығын жалғыз өзі көтеріп келеді.

Ұлы Бақтөренің де денсаулығында кінәраты бар. Ұзақ уақыт жүре алмайды, тез шаршайды. Бақтөре алған білімін адал еңбекпен ел игілігіне жұмсауды армандайды.

Алайда бүгінде бұл отбасының ең үлкен мәселесі – баспананың жоқтығы. Өз үйінің болмауы олардың күнделікті тұрмысын одан әрі қиындатып отыр. Соған қарамастан олар үмітін үзбей, жарқын болашаққа сеніммен қарайды.

Бұл отбасы ешқашан аяушылық сұрамайды. Олар тек өмірдің ең ауыр кезеңінен өту үшін қолдау күтеді. Әрбір игі іс – олардың жаңа өмірге деген үмітін нығайтып, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Бір отбасыға бірге қуаныш сыйлайық, қазақ елі!

Басқа отбасыларға көмектесу

Жинау
Қызым әкесіз қалмасыншы
Қызым әкесіз қалмасыншы
Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасын бірге қуантайықшы
Қызым әкесіз қалмасыншы
Оқу
Балаларымды алып қоймасыншы
Балаларымды алып қоймасыншы
Бес баланың анасының жалғыз арманы – балаларын өз жанынан айырмау
Балаларымды алып қоймасыншы
Оқу
Анам жүре алмайды
Анам жүре алмайды
Қазақ елі, бірге көмек қолын созайық
Анам жүре алмайды
Оқу
Мамам енді келмейді
Мамам енді келмейді
Қазақ елі, қиындыққа тап болған отбасыға бірге қолдау берейік
Мамам енді келмейді
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз