Көмектескім келеді Көмектескім келеді Бөлісу:
18.08.2026 16:42

Анасының қарызын жабуды армандайтын бала

Бөлісу:
18.08.2026 16:42
Жинау
Осы отбасыға көмектесу

Алты балаға — бір шаңырақ, бір үміт

Ата-аналары ауыр жұмысқа жарамайтын алты бала үйсіз қалмасыншы…

Кейде адам өмірінде бір сәтте бәрі өзгеріп кетеді. Отбасының ертеңі бұлыңғырланып, күнделікті қарапайым дүниелердің өзі үлкен арманға айналады. Бүгін біз сіздерге дәл сондай қиындыққа тап болған бір отбасы туралы айтып, қолдау көрсетуге шақырамыз.

Бұл отбасында алты бала бар. Алты баланың арманы, үміті, балалық шағы бар. Олар да өз қатарластары сияқты алаңсыз өмір сүріп, мектепке барып, ойнап-күліп, кешке өз үйіне асығып қайтқысы келеді. Ең бастысы — олардың өздерін қауіпсіз сезінетін, ешкімге алаңдамайтын, жүректеріне жылу сыйлайтын өз шаңырағы болса екен дейміз.

Өкінішке қарай, отбасының ата-анасы денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істеуге жарамайды. Мұндай жағдайда алты баланы асырап, баспананың мәселесін шешу — бір отбасы үшін өте үлкен сынақ.

Балалар өзгенің табалдырығына телміріп, біреудің көмегіне тәуелді болып өспесе екен. Өз бөлмесінде кітаптарын жинап, сабақтарын оқып, достарын үйіне шақырып, ата-анасының жанында еркін өссе екен.

Осындай сәтте әр адамның көмегі маңызды.

Бір адам үшін аз көрінетін қаражат екінші адам үшін үлкен мүмкіндік болуы мүмкін. Бір адамның қолдауы екіншісіне үміт сыйлайды. Ал көп адамның жүректен шыққан көмегі бір отбасының өмірін түбегейлі өзгерте алады.

6 балапанға бірге қуаныш сыйлайықшы

Басқа отбасыларға көмектесу

Жинау
Інісі үшін оқуын тастады
Інісі үшін оқуын тастады
4 БАЛАНЫ ЖАЛҒЫЗ ӨСІРІП ОТЫРҒАН ӘКЕГЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚОЛДАУЫ КЕРЕК
Інісі үшін оқуын тастады
Оқу
Отбасын танымай қалған әке
Отбасын танымай қалған әке
Қазақ елі, бірігіп бір отбасын қуантайықшы
Отбасын танымай қалған әке
Оқу
Көзі көрмейтін әке
Көзі көрмейтін әке
Бірге бір отбасының үмітін жағайықшы
Көзі көрмейтін әке
Оқу
Балаларымның барар жері жоқ
Балаларымның барар жері жоқ
Бір отбасыға бір үміт - шаңырақ сыйлайық
Балаларымның барар жері жоқ
Оқу
Әкем сөйлей алмайды
Әкем сөйлей алмайды
Дархан көңілді қазақ елі, бірге қолдайық
Әкем сөйлей алмайды
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз