ЕЛОРДАДАН 50 БАСПАНА
«Харекет» қорының 9 жылдық мерейтойы ерекше қуанышпен есте қалды. Елордада өткен мерекелік кеште бірден 50 отбасыға көптен күткен баспанасының кілті табысталды. Бұл күн талай жанұяның арманы орындалып, жаңа өмірге қадам басқан ұмытылмас сәтіне айналды.
Мерейтойлық кеште Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Лұқпан Жолдасов, Қыдырәлі мен Қарақат, Ғазизхан Шекербек, Тұрар сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал жаңа баспаналы болған отбасылар үшін сол кештің ең қымбат сыйы сахнадағы әндер емес, өз шаңырағының кілті болды.
Тоғыз жыл ішінде «Харекет» қоры халықпен бірге 1800-ден астам отбасының баспаналы болуына себепші болып, талай жанұяға үміт пен болашаққа деген сенім сыйлады. Әрбір табысталған кілттің артында бір отбасының арманы, талай адамның еңбегі мен мыңдаған жанның қолдауы тұр.
Осы игі іске үлес қосып, қиындыққа тап болған отандастарына қол ұшын созған барша қазақ халқына шын жүректен алғыс айтамыз! Бірлігіміздің арқасында әлі талай отбасының арманы орындалып, шаңырағында қуаныш орнасын!
«Харекет» — халықтың қоры! Бірге талай отбасының өмірін өзгертеміз!