Көмектескім келеді Көмектескім келеді Бөлісу:
27.11.2026 11:50

Төсекке таңылған жалғызбасты ана

Бөлісу:
27.11.2026 11:50
Жинау
Осы отбасыға көмектесу

Екі баласының болашағына алаңдаған Света апайға қазақ елінің көмегі керек!

Үш жылдан бері төсекке таңылып, еңбек етуге жарамсыз күйде үйінде жатқан Света апай бүгінде екі баласының болашағына алаңдап, күн сайын уайыммен өмір сүріп келеді.

Ананы бәрінен бұрын жасына жетпей ерте есейген 10 жасар қызының тағдыры толғандырады. Кішкентай қыз анасына күтім жасап, оны жуындырып, киіндіріп, қолынан келгенше көмектесіп жүр. Әлі балалығын сүріп, алаңсыз ойнап жүруі керек бүлдіршіннің мойнына осындай үлкен жауапкершілік артылған.

Света апай осы күнге дейін ешкімнен көмек сұрамай, маңдай терімен еңбек етіп, екі баласын өзі асырап келген. Алайда аяқ астынан келген ауыр дерт оның қалыпты өмірін түбегейлі өзгертті. Енді ана денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайды. Күнделікті тіршіліктің өзі үлкен сынаққа айналған.

«Маған бірдеңе болып кетсе, балаларым не болады? Далада қалмаса екен...» деген қорқыныш Света апайдың жүрегін күндіз-түні мазалайды. Ол өзінен бұрын балаларының ертеңін ойлап, олардың баспанасыз, панасыз қалмауын тілейді.

Жаны жомарт, кең пейілді қазақ елі! Қасиетті жұма күні ауыр сынаққа тап болған осы отбасының үмітіне айналайықшы! Екі баланың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасап, Света апайдың көңіліндегі қорқыныш пен уайымды сейілтуге бірге себепкер болайық.

Света апай мен балапандарына өз үйлерінің төрінде бақытты күндерді қарсы алуға мүмкіндік сыйлайық!

Басқа отбасыларға көмектесу

Жинау
Балаңды өткізе сал деді
Балаңды өткізе сал деді
Жұма күні жақсылық жасайық
Балаңды өткізе сал деді
Оқу
Көшеге шығуға ұяламын
Көшеге шығуға ұяламын
Барлығымыз жиналып осы отбасының үйлі болуына көмектесейікші
Көшеге шығуға ұяламын
Оқу
Інісі үшін оқуын тастады
Інісі үшін оқуын тастады
4 БАЛАНЫ ЖАЛҒЫЗ ӨСІРІП ОТЫРҒАН ӘКЕГЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚОЛДАУЫ КЕРЕК
Інісі үшін оқуын тастады
Оқу
Отбасын танымай қалған әке
Отбасын танымай қалған әке
Қазақ елі, бірігіп бір отбасын қуантайықшы
Отбасын танымай қалған әке
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз