1199 баспана
Сүйінші!
10 балалы отбасыға баспана табыс етілді!
"Харекет" қайырымдылық қорының "100 күнде 100 баспана" жобасы аясында 1199 баспана кілті Жексембаев Тимур мырза отбасына табыс етілді.
"Алланың бергені, әр баланың өз несібесі бар. Шүкір. Үйлі болсақ деп армандаймын", - деп көпбалалы ана армандарымен бөлісті.
Үйлі болса деп армандаған ананың арманы орындалды. Сонымен қатар азды көпті қарыздардан құтылуға ақшалай сыйлық та берілді.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!