Бөлісу:
04.11.2026 11:42 Жаңа отбасыға көмектесу

Қолынан айырылған ағаның жаңа үйі

Бөлісу:
04.11.2026 11:42
Оқиғалар
Осы отбасыға көмектесу

1846-БАСПАНА

20 жылдан астам уақыт Астанада тұрып, өз үйі болмаған отбасы бүгін көптен күткен арманына жетті!

«Біз ешқашан мұндай үйде тұрған емеспіз, тек уақытша баспананы паналап келдік» дейді отбасы мүшелері. Жылдар бойы өз шаңырағының болғанын армандаған жандар үшін бүгінгі қуаныштың орны ерекше.

Отбасы «Харекет» қорының 9 жылдық мерейтойына арналған концертке шақырылғанда, мұндай тосынсый болады деп мүлде ойламаған.

Жаңа үйдің әр бөлмесін аралап жүріп, бұрын тек армандаған дүниелерін көріп, ерекше әсерге бөленді.

«50 баспана! Қуан, қазақ елі!» деген Мадияр ағаның сөзі әлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұр. Сол сәтте Қазақстанда, қазақ болып туғаныма ерекше мақтандым», дейді ағамыз.

Бүгінде олар өздері де жақсылық жасап, басқа отбасылардың қуанышына себепкер болуды армандайды. Өйткені халықтың қолдауымен келген баспананың қадірін олар жақсы түсінеді.

20 жылдан астам уақыт бойы күткен арман орындалып, тағы бір отбасының шаңырағына шаттық ұялады. Жаңа баспана құтты болсын! Бұл үй бақыттың, берекенің және жақсылықтың мекеніне айналсын!

Осы игі іске атсалысқан барша қазақ еліне алғысымыз шексіз! Әлі де талай отбасының арманы орындалуына бірге себепкер болайық!

Жақсылықты бірге жалғайық!

Тағы да оқыңыз

Оқиғалар
18 жасында қолынан айырылған әке
18 жасында қолынан айырылған әке
1-бөлім
18 жасында қолынан айырылған әке
Оқу
Ағасына қарайтын қыздың жаңа үйі
Ағасына қарайтын қыздың жаңа үйі
2-бөлім, қазақ елі тағы бір отбасын қуантты
Ағасына қарайтын қыздың жаңа үйі
Оқу
Анасын ұратын бала 1-бөлім
Анасын ұратын бала 1-бөлім
Елорадан 50 баспананың бірі осы отбасыға бүйыра ма?
Анасын ұратын бала 1-бөлім
Оқу
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Үш балаға бірге баспана сыйлайық
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз