Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Үш баланың анасы Перизат қатерлі ісіктің 4-сатысымен күресіп жатыр.
Бүгінде әрбір күні — өмір үшін күрес. Дертпен арпалысып жүріп, ол ең алдымен үш баласының болашағын ойлайды. Балалары анасының жағдайына алаңдаса, ана жүрегі «Менен кейін балаларым не болады?» деген қорқынышпен ауырады.
Оның ең үлкен арманы — балаларының баспаналы болуы. Балаларына қауіпсіз әрі жылы шаңырақ қалдырып, олардың болашағына алаңдамайтын күнге жетуді қалайды.
Бұл отбасы қазір біздің қолдауымызға мұқтаж. Бір адамның көмегі аз көрінуі мүмкін. Бірақ көпшілік болып жұмылсақ, үш баланың тағдырын өзгертуге мүмкіндік бар.
Қазақ елі, бір отбасының арманына бірге себепші болайық!
Әрбір қолдау — үш баланың болашағына деген үміт. Анасының ең үлкен тілегін бірге орындап, балаларға өз шаңырағында алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік сыйлайық.