Бөлісу:
27.07.2026 12:05 Жаңа отбасыға көмектесу

Ел естімеген диагноз

Бөлісу:
27.07.2026 12:05
Оқиғалар
Осы отбасыға көмектесу

Айсұлу ханым жиырма жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Жиырма жыл бойы бір баспанадан екіншісіне көшіп, төрт баласын жеткізу үшін бар өмірін арнаған ана бүгінде жұмысқа да шыға алмайды. Себебі оның ерекше күтімді қажет ететін қызы – Медина бар.

Дәрігерлер Мединаға атрезия диагнозын қойған. Анасының айтуынша, мұндай диагноз өте сирек кездеседі.

Қызы өмірге келгеннен бері үш күрделі операцияны бастан өткерген. Бүгінде оның ішегіне қойылған арнайы құрылғы арқылы өмірлік маңызды қажеттілігі жүзеге асады. Бұл – үздіксіз күтімді, тазалықты және ананың тәулік бойы жанында болуын талап етеді.

Ең ауыры – осындай ерекше күтімді қажет ететін баламен тар пәтерде өмір сүру. Бір бөлмеде бірнеше бала бірге өсіп келеді. Балалардың емін жасауға, тынығып демалуына, еркін ойнап-күлуіне мүмкіндік аз.

Көп жылдан бері балалары үшін күресіп келе жатқан ананың көзіндегі жас бұл жолы қуаныштан төгілді. Ел болып бірігіп, жалғызбасты ана мен 4 балаға баспана сыйладық! Жиырма жыл бойы жалдамалы пәтерде өткен өмір артта қалды.

Енді бұл үйде балалардың күлкісі естіледі. Асүйде анасының мейірімімен дайындалған ыстық тағамның иісі аңқиды. Балалардың әрқайсысының өз бұрышы, өз арманы, өз болашағы бар.

Бұл қуанышта әрбір қазақтың үлесі бар! Тағы бір мұқтаж отбасын бірге баспанамен қуантайық!

Тағы да оқыңыз

Оқиғалар
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Үш балаға бірге баспана сыйлайық
Анамнан айырылып қалудан қорқамын
Оқу
Футболист жылап қалды
Футболист жылап қалды
Үш бауырдың енді өз баспанасы бар
Футболист жылап қалды
Оқу
1700-баспана құтты болсын
1700-баспана құтты болсын
Бір отбасыға бірге демеу болдық
1700-баспана құтты болсын
Оқу
Адам тұратын жер емес
Адам тұратын жер емес
7 балалы отбасы үйлі болды
Адам тұратын жер емес
Оқу

Құпия сөз

Аккаунтыңызды қорғау үшін, сенімді құпия сөз жазыңыз

Сіз аккаунтыңызға сәтті кірдіңіз