Футболист жылап қалды
Анасынан ерте айырылып, тағдырдың ауыр сынын бала күнінен өткерген үш бауырдың көптен күткен арманы орындалды. Жақындарының қолдауына сүйеніп, әр жерде күнелтіп жүрген бауырлар енді өз шаңырақтарының иесі атанды.
Бала кезінен өмірдің түрлі сынағына төтеп берген үш бауыр үшін баспана – жай ғана төрт қабырға емес, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, жылулық пен жаңа бастаманың белгісі. Енді олар алаңсыз өмір сүріп, болашаққа сеніммен қадам баса алады.
Бұл қуаныш – «60 күнде – 60 баспана» жобасының кезекті игі нәтижесі. Жоба аясында баспанасыз жүрген, әлеуметтік жағдайы қиын отбасыларға қолдау көрсетіліп, олардың арманына қанат бітіру жалғасуда.
Үш бауырдың қуанышы – көпшіліктің бірлігі мен жанашырлығының жемісі. Осындай игі іске үлес қосқан барша азаматқа алғысымызды білдіреміз. Бір отбасының өмірін өзгерту – тұтас бір әулетке үміт сыйлау. Барша қазақ елінің қолдауы мен жылуына ие болған бауырлардың болашағы жарқын болсын!